КӘСІПКЕРЛІК ТУРАЛЫ ТЕГІН КЕҢЕС АЛА АЛАСЫЗ
Арал ауданындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылғалы бір айда ауданның 100 тұрғыны тегін кеңес алды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және басқа да кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жобалар жайлы бастауыш және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер толық ақпараттанды.
КҚО кеңесшісі Ақмарал Махамбетованың сөзінше, орталықта кәсіпкерлерге несие алу барысындағы жобаны қолдау бойынша көмектер көрсетіледі.
Сондай-ақ ауылдық тұрғындарға тегін кеңес алумен қатар «Бизнес-Кеңесші», «Іскерлік байланыстар» және «Шағын кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» атты тренинг-семинарларға жазылуға, конкурстық жобаларға қатысуға өтініш беруге де мүмкіндіктері бар.
Мысалы, Руслан Жақсыбаев, Мәншүк Әлібекова және Нұрбақыт Бадықов орталық кеңесшілерінен «NIF$50K» инновациялық бизнес-жоспарлар конкурсы жайлы естіп, қатысуға өтініш берді. Аталған конкурс шарты бойынша жас ғалымдарға, талантты өнертапқыштарға жобаның ерекшелігіне қатарй 7,5 млн.теңге көлемінде грант ұтып алуға болады, әрі конкурсқа облыс орталығына шықпай-ақ жергілікті жерден өтініш беру мүмкіндігі тұрғындарға тиімді болды.
Аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталығының ашылуы ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен сеп береді. Орталықтың өз жұмысын аудандарға бастауы ауыл халқын өз бизнестерін жүргізіп, идеяларын жүзеге асыруға ықпалын тигізді.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың маусымынан бастап, облыстың барлық 7 (жеті) ауданында «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдау орталығы өз жұмыстарын бастады.