ОҢАЙ ОЛЖА ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ
Арал ауданында оңай олжаға кенелемін деген азамат үш жыл жазасын өтемек. Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қылмыстық істің мәні бойынша, сотталушы Арал қаласында «Мазда-626» маркалы автокөлігінің артқы орындығында отырған жәбірленушінің спирт ішімдігін ішкен мас күйін пайдаланып, қалтасынан 20000 теңге ақшасын ұрлаған.
Сотта сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.