«АҚ БҰЛАҚ»: АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫҢ 80%-ҒА ЖУЫҒЫ СУ ҚҰБЫРЫНА ҚОСЫЛДЫ
Қызылорда облысының ең үлкен Арал ауданында «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында елді мекендердің 77%-дан астамы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бұл 57 елді мекеннің 44-і, - деп нақтылады Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов. – Мұнда тұратын халықтың саны 60 мыңнан асады».
Су Арал-Сарбұлақ топтық су құбырынан немесе Шоқсудан келеді.
«Өткен жылы және одан арғы жылы қыруар іс атқарылды. Республикалық бюджеттің қаражатына Райым, Ескіұра, Үкілісай, Бекбауыл, Құмбазар, Қызылжар және Шөмішкөл ауылдарындағы үйлерге сервистік желілер тартылды. Алайда әлі күнге дейін тұрғындары құдықтан су ішетін ауылдар бар. Осы мәселені шешу үшін 10 ауылда сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру жобасы дайындалды. Оның жартысында жоба іске асырылып үлгерді, жұмыстар соңына таяп та қалды, қалғаны таяуда аяқталады. Сексеуіл кентінде сумен қамтудың ішкі жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, Аралдың екі көшесіне су құбыры тартылды», - деді Мұхимов.