СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Арал ауданында 2015 жылдың қыс-көктем мезгілдеріндегі су тасқындарының алдын алу мақсатында командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстарына дайындық жүргізілді.
Облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің аға инженері Әлімжан Марданов қала, аудан әкімдігінің су тасқынына қарсы күш құралдарының дайындық жұмыстарын тексерді, делінген аудандық ішкі саясат бөлімінің жіберген ақпаратында.
Оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру шарасына аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Оразбаев төрағалық етіп, қыс-көктем мезгілдерінде су тасқынының алдын алу үшін әрдайым дайын тұру жауапты міндет екенін нақтылап, ауданның азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтеріне арнайы тапсырмалар жүктеді. Аталған жұмыстардың жедел орындалуын қадағалап, бақылауға алатындығын жеткізді.
Фариза ОМАРОВА