АУДАН ӘКІМІ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйінде болып, Елбасының Жаңа жылдық құттықтауын жеткізді және сый-құрмет көрсетті. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
«Сіздердің ауыр өмір жолдарыңыз ерекше құрметке ие. Біз сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында қазір тыныштық пен тату өмір сүрудеміз. Сіздердің шаңырақтарыңызға татулық пен байлық, өздеріңізге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», - деді өңір басшысы. Ерлік иелерін Жаңа жылмен құттықтай отырып, мерекелік Алғыс хат және сыйлықтар табыстады.
Өз кезегінде ардагерлер Ж. Жансүгіров, Ө.Айназаров, С.Абдраимов, П.Ибраев, И.Жайназаров, Ө.Аманжолов, А.Өксікбаев, Б.Тұрсынбаев, Т.Джанасов, М.Жүгінісов өз кезегінде Елбасына ризашылықтарын жеткізіп, қазақ халқының мерейлі күндері көбеюін тілеп, баталарын берді.