ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов аудан депутаттарын мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметте жүрген сала басшылары мен мамандарға облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен Алғыс хаттарын табыс етті. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Тәуелсіздікпен бірге, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатқан Қазақстан Республикасы мәслихаттарына биыл 20 жыл. Мерекелік дата Арал ауданы әкімінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен аталып өтті.
Сонымен қатар, мәжіліс алқасында халық қалаулылары өткенге есеп жүргізіп, алдағы мерзімге жоспарлар белгілеп, бағыт-бағдарларды айқындады.