СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІНДЕГІ ЖАҢА ЕНГІЗІЛІМДЕРГЕ ТОҚТАЛДЫ
Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі жаңадан енгізілген заңдарды Арал аудандық сотында өткен брифингте сот төрағасы Е.Тұрбаев кеңінен түсіндіріп берді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген.
Брифингте аудандық соттың төрағасы аталған заңмен Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және өзге де бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін айтты. Сонымен қатар, қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдар мен өтініштерді беру кезінде мемлекеттік баж төлеу; соттардың қызметінде медиация және ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту секілді сотта істерді қарау тәртібін әрі қарай жетілдіруге және сот төрелігін іске асырудың қол жетімділігін арттыруға бағытталған Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі жаңа енгізілімдерге тоқталды.
Бұдан кейін журналистер қауымы төрағаға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды. Шара соңында сот төрағасы Е.Тұрбаев БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі