ЖҰМЫСШЫСЫН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРМАҒАН БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Аудан прокуратурасымен Арал қаласының тұрғыны Ж.Қарабаеваның арызы бойынша «Гүлдер балабақшасы» МҚКК-ң қызметінде еңбек заңнамаларының қолданылуына тексеру жүргізілді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Конституциясының 21-бабының 4-бөлігінде әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. Алайда, тексеру барысында Ж.Қарабаеваға балабақша меңгерушісінің бұйрығымен жұмысқа қабылданғанымен жұмысшымен жұмыс берушінің арасында Кодекске сәйкес еңбек шарты мүлдем жасалынбағандығы анықталған. Ж.Қарабаеваға тиесілі 2011-2012 жылдар, 2012-2013 жылдарға арналған кезекті ақылы еңбек демаласы берілмей, оның конституциялық құқығының бұзылуына жол берілгендігі белгілі болды.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87 бабында еңбек заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтар көзделген. Осыған байланысты аудан прокуратурасымен заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс келтіріліп, нәтижесімен балабақша меңгерушісі тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шынар БЕКБАН