АРАЛДА БАЛЫҚШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Арал ауданының Бөген елді мекеніне қарасты Шағалалы деген жерде Балықшылар күні тойланды. «Бақыт» шаруа қожалығы ұйымдастырған шараға Бөген, Қаратерең ауылдарының балықшылары қатысты.
Қожалық төрағасы Аманбай Ерхатов бүгінде балық өнімдерін шет елге экспорттауға мүмкіндік туғанын тілге тиек етті. Ол үшін талмай еңбек еткен ауыл азаматтарына рахмет айтып, ақсақалдардың иығына шапан жапты. Аудан әкімінің орынбасары Әділхан Алданов көк теңіздің толқынымен тайталаса жүріп, бала-шаға қамы үшін басын бәйгеге тігетін еңбегі ерен балықшыларға аудан әкімі Абзал Мұхимовтың алғыс хатын табыс етті.
Атаулы шара бұдан әрі әуелеген ән мен күмбірлеген күйге жалғасты. Жылдағы дәстүр бойынша жиналған көпшілік теңізде саяхат құрды.