ҚАМБАШТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал ауданы Қамыстыбас ауылындағы «Алтын Арал» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығының құрылысымен танысты.
Ғимарат оқушылардың білім алуына және демалуына ыңғайлы Қамбаш көлінің жағасында орналасқан. Бір ерекшелігі, нысан он екі ай бойы жұмыс істейді. Жаз мезгілінде 600-ден астам бала демалса, қыстың күндері облыстың дарынды балалары білімдерін тереңдетеді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Дайындық жұмыстары біткен соң пайдалануға берілетін болады.