АРАЛДА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстанның тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Арал» тақырыбында аудандық ақындар айтысы болып өтті.
Дүбірлі сөз сайысын Арал ауданынан жеті ақын қатысып, жыр майданында додаға түсті. Айтыс барысында ақындар «Тәуелсіздік және Арал» тақырыбын жан-жақты ашуға тырысып бақты. Өткір-өткір ойлар қозғалды. Ақындардың бірі суырып салмалық пен тапқырлықпен көзге түссе, енді бірі мағыналы шумақтар мен қиыннан қиыстырылған ұйқастарды ұштастыра білді.
Үш сағатқа созылған жыр додасында әділ қазылар шешімі бойынша Шөмішкөл ауылының жас дарыны Бексұлтан Орынбасаров І орынды (50 мың теңге), Тоқабай ауылының ақыны Талғат Пәуешов ІІ орынды (50 мың теңге) иеленсе, Қарақұмдық Шынтас Мұхышов ІІІ орынды (20 мың теңге) қанжығаға байлады. Қалған ақындар 10 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.