АРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАДЫ
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Мұрат Емелұлы Келесов 2014 жылдың 6 желтоқсанында Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Арал ауданы №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында арнайы іс-сапарға келді.
Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелер мен басты бағыттарға тоқталып, жеке құрам қызметкерлеріне насихаттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Қазіргі таңда әлемде орын алған дағдарыстан шығу жолын Елбасы көрсетіп берді. Сондықтан да Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын қолдап, Жолдауда көрсетілген ортақ міндеттерді орындау басты мақсат деді.
Сонымен қатар қазіргі таңдағы аса назар аударатын ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын қатаң сақталуы және бұзылуына жол бермеу керектігін ескертіп өтті. Жиналыс соңында жеке құрамға қызметте сәттілік тіледі. Осындай түсіндірме жұмысы үшін іс-сапарды Қазалы ауданында жалғастырды.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы