НҰРЛЫ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСҚАН АРАЛ ЖАСТАРЫ БАС ҚОСТЫ
Арал ауданында «Мәңгілік елдің жастары – нұрлы болашаққа!» атты аудандық жастар форумы өтті, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жастардың басын қосқан форум «Еріктілер қызметін үйлестіру және нығайту», «Әлеуметтік желі және жастар» атты секциялық жұмыспен басталды. Ел үшін еңбек күшін аямай кіші жастан бастап тәжірибе жинақтап, әр түрлі шараларды ұйымдастыруға атсалысып жүрген еріктілердің қызметі елеулі. Осыған орай, секция барысында еріктілермен қарым-қатынасты нығайту, олардың қатарларын көбейту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану жолдары талқыланып, жастар арасында ғаламтор арқылы сапалы ақпарат таратуға қажетті нұсқаулықтар берілді.
Форум аудан әкімі, мекеме басшылары, жастар ұйымы өкілдері мен мектеп оқушылары қатысқан алқалы жиынға ұласты. Жиын барысында аудан әкімі Абзал Мұхимов аймақтағы белсенді және шығармашыл жастарға арналған аудан әкімінің «Жас толқын» жастар сыйлығын беріп, өнерпаз жастарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге «Жастар жанашыры» номинациясын табыс етті.
Аудан жастары көкейде жүрген ұсыныстарын форум барысында ортаға салып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың куәсі болды. Абзал Мұхимов Арал жастары тынбай енбектенсе аудан әкімі ретінде қашанда қолдайтындығын жеткізді.