АРАЛДА 30 МҮГЕДЕК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Бүгінде елімізде халықты жұмыспен қамту алдыңғы кезекте жүріп жатыр. Жұмыссыздықты жою мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жасалып, жұмыстары жүзеге асырылуда. Соның ішінде мүгедектерді қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамту – маңызды мәселе.
Осы орайда Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек жыл басынан бері ауданда 106 мүгедек мекеменің көмегіне жүгінген, олардың ішінен 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 8 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан, 51 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылып, 1 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберіліп отыр.
Айта кетейік, осы салада атқарылған жұмыстар нәтижесінде, ауданда ресми жұмыссыздық деңгейі жыл басынан 0,7 пайызға төмендеген.
Фариза ОМАРОВА