АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАН
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 524-бабымен азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы М. Арал аудандық сотының сот бұйрығымен өндіріп алушы Е.-ның пайдасына баласын күтіп бағу үшін өндірілген алиментті осы уақытқа дейін төлемей, сот актісін орындамаған.
Оның алимент бойынша берешегі 424699 теңгеден асқан.
Құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 524-бабымен кінәлі деп танылып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі