ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
Арал ауданындағы Сексеуіл елді мекенінде жаңадан бой көтерген 2 пәтерлі 8 қызметтік тұрғын үй кілті темір жол саласы қызметкерлеріне табысталды. Жаңа қонысқа ие болған қызметкерлерді «Қазақстан темір жолы» АҚ Қызылорда темір жол бөлімшесінің басшысы Амангелді Арысбаев, СК Базис компаниясы №2 филиал директоры Марат Көпешов және аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов құттықтады. Тұрғын үй салу жұмысы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жаңару мен жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасады.