МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ОРТАЛЫҚ МЕШІТКЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ
Арал аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел тірегі - Елбасы» атты салтанатты кеш өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымылдығын мемлекеттік Әнұранмен ашқан салтанатты жиынға қатысушылардың назарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген деректі фильм ұсынылды.
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Абзал Мұхимов бұл күннің еліміз үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, мемлекеттік мерекемен аудан тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар, аудандағы Елбасымыздың замандастарына яғни 44 ардагерге аудан әкімінің Алғыс хаты және «Қайраткер Ардагер» номинациясы берілді.
Мерекенің басты тартуы Орталық мешітке жаңа «Нива» автокөлігі табыс етілді. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.
Фариза ОМАРОВА