АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Арал аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Абзал Мұхимов тұрғындарды қабылдады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдау барысында, көптің көкейіндегі сауалдарға ден қойған әкім, әлеуметтік мәселелерді алға тартқан жандардың ұсыныс-тілектерінің заңдылығына сәйкес орындалатынын айтып, партия төрағасының бірінші орынбасарына және тиісті салалар мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Халқымызда «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қанатты қағида бар. Бұқара мен биліктің арасында алтын көпір орнатқан еліміздегі басты партияға сенім артатындар қатары жыл санап көбейіп келеді. Міне, бұл қабылдау соның бір айғағы іспетті.
Фариза ОМАРОВА