ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетуді жөн санаған Арал аудандық сотының төрағасы Е.Тұрбаев бастаған аудандық сот ұжымы Тұңғыш Президент күніне орай қайырымдылық шарасын өткізді.
Шара барысында тұрмысы төмен, Арал қаласының тұрғындары Н.Ахметалиевтың, көп балалы ана А.Айтбаеваның, О.Нуржанованың сондай-ақ, тұрмысы төмен 2 топтағы мүгедек, асыраушысынан айырылған С.Суханберлиеваның отбасыларына азық-түліктермен көмек көрсетілді.
Қайырымдылық акциясы барысында көмек көрсетілген отбасылар сот ұжымына Тұңғыш Президент күні қарсаңында жасаған сый-сыяпаттары үшін шексіз ризашылықтарын білдіріп, сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде аудандық сот ұжымы осы тұрғыдағы қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды жалғастырып, С.Суханберлиеваның отбасына қолдау жасап отыруды шешті.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі