АРАЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БІР КҮНДЕ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН 10 ІС ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Арал аудандық сотында азаматтық істерде медиация тәртібін сәтті қолдана бастады. Сот залында азаматтық істерді қарау барысында тараптарға бітімгершіліктің басым жақтары мен медиация тәртібімен шешу жолы кеңінен түсіндірілгеннің нәтижесінде тараптар медиаторларға жиі жүгіне бастады. Бүгінде бұл нәтижесін беруде.
Арал аудандық сотында бір күннің ішінде 10 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.
Олар талап қоюшы Н.-ның жауапкерлерден алашақ ақша өндіру туралы азаматтық істері.
Аталған істер бойынша кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, тараптардың келісімге келуіне қол жеткізіп, «дауды реттеу туралы келісім» жасап, сотқа ұсынды. Осының негізінде жоғарыда аталған істер өндірістен қысқартылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі