АРАЛДА МИКРОКРЕДИТТІК ҰЙЫМ ДИРЕКТОРЫ ХАЛЫҚТЫ АЛДАП КЕЛГЕН
Облыс соттарымен 2014 жылдың 9 айында алаяқтық қылмыстары бойынша барлығы 111 адамға қатысты 108 іс ақталмайтын негізде қысқартылса, 227 адам жөнінде 215 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 116 адамға қатысты 107 іс бойынша айыптау үкімдері қабылданған.
Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру, шартты түрде және бас бостандығынан шектеу жазалары қолданылуда.
Айталық, «Аружан-Инвест» ЖШС-нің директоры Арал қаласының екі тұрғынынан тиімді негізде несие алып беремін деп, оларды алдап, үйлерін банкке кепілге қойдырып, банктен 15000000 теңге алған.
Алайда, үй иелеріне бар болғаны 500 мың теңгеден ғана ақша беріп, қалған 14 000 000 теңгесін өздері иемденген.
Қаржы полициясымен ҚК-тің 177-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен қозғалған қылмыстық іс серіктестік басшыларын айыптап, іс айыптау қорытындымен Арал аудандық сотына жолданып, сотпен үкім шыққан.