ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР АУДАН АКТИВІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қарашада өткен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауына байланысты аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен аудан активінің жиыны өтті. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Жиынға қала, кент және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдары, жергілікті және аумақтық атқарушы орган басшылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, аудандық депутаттары мен азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы еліміздің алдағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз ететін құжат ретіндегі Елбасы Жолдауының маңызына, Жолдауды жүзеге асыру мақсатында ауданда жоспарланып отырған ірі істерге кеңінен тоқталды.
Активте «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабай Жақып, «Набат - 2000» ЖШС жол жөндеу мекемесінің директоры Төребек Дәрмағамбетов, «Жас Отан» жастар қанаты Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әлібек Ізбасаровтар сөз алып Елбасының стратегиялық даму бағдарламасына бір ауыздан қолдау білдірді.
Фариза ОМАРОВА