ЖАҢАДАН ҚАБЫЛДАНҒАН КОДЕКСТЕР ТАЛҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА ӨТКЕН СЕМИНАР
Арал аудандық сотының мәжіліс залында аудандық прокуратура мен соттың ұйымдастыруымен жаңадан қабылданған Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне байланысты семинар өтті.
Шараға аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев, аудандық соттың судьялары Д.Кентбаев, Д.Мұратбекұлы, аудан прокуроры Б.Тоқмырза, аудан прокурорының орынбасары Б.Қалдашбаев, Арал аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Н.Қожамұратов, кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев, аудандық прокуратура қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу, анықтау, жедел-іздестіру бөлімшелері қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Семинарда аталмыш тақырып бойынша баяндамалар тыңдалып, жаңа кодекстердің ерекшеліктері мен қазіргі қолданыстағы кодекстер мен арадағы айырмашылықтары талқыланды.
Аудандық соттың судьясы Д.Мұратбекұлы «Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары» атты тақырыпта баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.
Шара соңы жаңа заң нормаларына қатысты пікір алысумен аяқталды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі