АРАЛ АУДАНЫНДА ҚОЛАЙЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАЛЫПТАСТЫ
Ағымдағы жылдың 9 айында ауданның негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі есепті мерзімде 21 244,0 млн теңгені құрап, 114,6 пайызға артқан. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлайды.
Арал ауданында экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп келеді. Нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері де ілгеріледі.
Ауданға тартылған инвестицияның басым бөлігін құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің құрылысы, «Бозой - Шымкент» газ құбырын тарту жұмыстары, «Жезғазған-Сексеуіл» шойын жолының, оның бойындағы инфрақұрылымның құрылысы жалғасын табуда.
Фариза ОМАРОВА