АРАЛДАҒЫ ҮЙЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖӨНДЕЛЕДІ
Аралда салынғалы бері жөндеу көрмеген үйлер мемлекеттік бағдарлама аясында бүтінделетін болды. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы аясында биыл Мақатаев көшесі, №10 және Ишкенов көшесі, №12 үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 14 млн. теңге бөлінді. Ол үшін «Т-Т Құрылыс-Сервис», «Наурыз құрылысы» ЖШС-лерімен келісімшарт жасалды.
Келесі жылы Арал қаласында көппәтерлі 8 үйді бүтіндеу мақсатында әзірленген құжаттар ҚР Өңірлік даму министірлігінің құрылыс және ТҮКШ істері жөніндегі комитетке жолданды.