ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЖАС ҰРПАҚ ҚОЛДАЙДЫ
Арал аудандық «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің және «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында ауыл жастарымен кездесулер өтті.
«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауды ауыл жастарына кеңінен насихаттауды көздеген аталмыш мекеме қызметкерлері ауылдық округтерді аралап, Жолдау бағыттарын талқылап, жастармен пікір алмасты. Ауданға қарасты Сексеуіл кенті, Октябрь, Қамыстыбас, Аралқұм, Ақирек, Бекбауыл және Сапақ ауылдық округтерінде болған бұл кездесулерде бүгінгі таңда жастарға байланысты қолға алынып жатқан «Серпін» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен мақсаттары сөз болды. Одан өзге де, жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде жан-жақты ақпараттар берілді.
«Ауыл жастарымен етене араласып, оларды мемлекет ұстанған бағыттардан бейхабар қалдырмай, бірге жұмыс жасауға шақыру орынды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да, жалғасын таба бермек», - дейді бірлестік төрайымы М.Махамбетжанова.
Фариза ОМАРОВА