МЕДИАЦИЯНЫҢ ДАУЛАСҚАН ТАРАПТАРҒА БЕРЕРІ МОЛ
Тараптар арасындағы дау-дамайды өзара ерікті және келісімдеріне сай, нәтижелі түрде шешімге келтіруді көздейтін бұл заң жобасы бүгінде елімізде өз нәтижесін беріп келеді.
Осынау бағыттарды кеңінен түсіндіріп, талдауды көздеген еліміздегі халықаралық құқық қорғау орталығының президенті Ж.Жакупов жұмыс сапарымен Арал ауданында болды. Кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар мен мекеме мамандары бас қосқан бұл жиында алдымен сөз алған аудан әкімінің аппарат басшысы Ж.Әлішева бұл бағыттың дауласқан тараптарға берері мол екенін айта келе, жиналғандарға арнайы келген қонақтарды таныстырды.
Мұнан соң, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Қызылорда облысы бойынша менеджері Б.Егізбаева бүгінгі таңда қолдауға ие «Даму» бағдарламасының ұйым тарапынан қолға алған басым бағыттарына кеңінен тоқталды. Медиация жөніндегі дау-дамайларды соттан тыс жолдармен шешу және қақтығыстарды реттеу мақсатында ұйымдастырылған тренингте Ж.Жакупов түрлі дау-дамайларды шешу мен тараптарды өзара бітімге келтіруде маңызды рөл атқаратын медиаторлардың қызметтері жөнінде кеңінен сөз сабақтады. Жиын соңында қатысушыларға медиация саласына орай, сауалнама беріліп, көпшіліктің ой-пікірлері тыңдалды.
Фариза ОМАРОВА