АРАЛДА «МЕКТЕП ЛИГАСЫ» ЖАЙДАРМАН САЙЫСЫ ӨТТІ
Арал ауданында «Мектеп лигасы» жайдарман сайысының ширек финалы болды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сайысқа екі топтан 12 команда қатысты. Ойын барысында жарасымды әзілдер айтылып, командалар ән, бимен өнерлерін ортаға салды. «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» бөлімдері бойынша өткізілген сайыста №260 мектеп құрама тобы, «АИТК жігіттері», «Керемет», «Сазды kz» өздерін нағыз жайдарман ойыншыларындай көрсете білді. Мектеп өмірі мен балалық кездің көріністерін әзілдер арқылы жеткізген командалар ойыны көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Ойын тартымды әрі тартысты болды. 1/4 ойынның қорытындысы бойынша өздерінің жеңіске деген лайықтылығын дәлелдеген сегіз топ 1/2 финалға жолдама алып, арнайы сертификаттармен марапатталды.