САПАЛЫ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ШЕТ ЕЛДЕРГЕ ДЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ
Арал ауданында үш балық өңдейтін зауыт бар. Соның бірі - Арал балық өңдеу зауыты. Зауытты сақтап қалу мақсатында, оның 49 пайыз акциясын «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы сатып алды. Осы жылдың ақпан айында «Казагрофинанс» АҚ-мен зауытты 10 жыл мерзімге (1 млрд. 375 млн. теңге) жалға беру жөнінде келісім-шартқа қол қойылды.
Зауыт тәулігіне 4-5 тонна балық жібітіп, тұздап, 1 тоннадай фарш өнімін дайындап, 5 тоннадай балықтың жон етінен филе шығарады. Бұл зауытта 10 тоннадан 30 тоннаға дейін филе жасауға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда 75 адамды, маусымдық кезеңде 100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауытта жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы жасалған.
Болашақта, осы зауыт басшылығы теңіз жағасына тоңазытқыштар қойып, балықшыларға жатақханалар салып, балық аулауларына бар жағдайды жасамақшы. Алдағы уақытта Арал балық өңдеу зауыты өндірістік қуатын толық пайдалануына мүмкіншіліктер бар. Өйткені, заманауи қондырғылар 6-7 мың тонна балықты бір тәулікте өңдей алады. Теңіз перзенттері дәмі тіл үйіретін Арал балығын аулап, аталмыш зауыттың балық өңдеушілері әр түрлі стандарттарға сәйкес, сапалы балық өнімдерін шығарып, Қазақстанның қалаларына, ТМД, Еуропа мен Азия елдеріне жөнелте бермекші.
Фариза ОМАРОВА