ҚАЛАМГЕР АТЫНА КӨШЕ БЕРІЛДІ
Арал өңірі баспасөзінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан қаламгерлердің бірі - қаламы қарымды журналист Мәлік Сәрсенов есімі Арал қаласындағы Южная көшесіне берілді.
Алғашқы қызметін 1953 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкерліктен бастаған ол, 1955-1962 жылдары Арал аудандық «Социалистік Арал» газетінде жауапты хатшы қызметінде болды. Сонан кейін, Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарды.
Заманында, М.Сәрсеновтің көзін көріп, қызметтес болған аға-інілері мен көше тұрғындары бас қосқан іс-шарада алдымен сөз алған қала әкімінің орынбасары Н.Зағатов көшеге қаламгер есімін беру жолында жасаған жұмыстарға тоқтала келе, өмірбаянын жиналғандарға таныстырды.
Сол көше тұрғыны Ж.Әлиев ақсақал бата берген соң, үй қабырғасына ілінген тақтайша шымылдығы ашылып, М.Сәрсенов атындағы көше деген атауға ресми түрде ие болды. Елдік мүдде жолында жатпай-тұрмай жұмыс жасаған М.Сәрсеновтің рухына бағышталып қаладағы «Алмаз» мейрамханасында Құран оқытылып, ас берілді.
Фариза ОМАРОВА