АРАЛДЫҚТАР БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ
Жастар-еліміздің жарқын болашағы. Қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеу олардың бойына күш қосып, ертеңге деген сенімдерін нығайтады. Бұл ретте, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының көмегі мол болып тұр. Көптеген жастар «Жастар тәжірибесі» жобасы шеңберінде бағдарлама игілігін көріп, мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуда.
Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек аталған ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аталған бағдаралмаға 939 адам қатысқан. Қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасалды. Оның 545-і жұмыссыздар, 391-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Бағдарламаның бірінші бағыты ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандарда атқарылып жатыр. Қазіргі таңда жобалар бойынша 58 адамға жұмысқа жолдамалар беріліп жұмыс жасауда. Екінші бағыт Арал ауданы бойынша шағын несиелендіруге бөлінген қаржы көлемі 367,1 млн. теңгені құрады
Қатысушы жоспар бойынша -183 адам, нақты 150 адам несие алған.
Ал, үішінші бағыт қайта даярлау курстарының жұмысына 8,078 млн. теңге бөлініп, 55 адам оқытылды. Барлығы 47 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасына мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 27 адам қатысқан.
Фариза ОМАРОВА