АРАЛДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
Арал ауданында 52 мектеп, 23 балабақша, 17 шағын орталық, 38 мектеп жанында жарты күндік шағын орталықтар жұмыс жасайды.
Аудан «Балапан» бағдарламасы шеңберінде айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізген. Дегенмен мектепке дейінгі мекемелерде орынның жетіспеуі әлі де болса кездеседі. Заманауи үлгіде «Жазира», «Толқын», «Балдырған» балабақшалары құрылысын қайта салу жоспарлануда. Алдағы уақытта 3 жастан бастап бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды мақсат етіп қойған. Арал қаласынан 280 орындық балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілгенде, қаладағы бөбектерді мектепке дейінгі оқыту, тәрбиемен қамту толық жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, ауданға қарасты ірі елді мекендерде, әсіресе, Сексеуіл кенті мен Қамыстыбас ауылына балабақша өте қажет. Сондықтан алдағы жылы осы екі елді мекенге балабақша салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі түбегейлі шешілген. Оқулықпен, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларын, бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту жолға қойылған. Оған қоса 3 ауысымда оқитын мектеп жоқ. Апатты білім ордаларының саны да азайды.
Фариза ОМАРОВА