АРАЛДА ШАҒЫН АВИАЦИЯ ДАМЫМАҚ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың атқарушы билік органдарына ел ішінде азаматтық авиацияны дамыту туралы берген тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Арал ауданында шағын авиацияны дамыту жолдары қолға алынып, келіссөздер жүргізілуде, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Сондай-ақ, аймақта «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, Шөміш бекетінде құны 4500,0 мың теңгені құрайтын «Кварц құмын құрғақ байыту комбинатын салу» жобасы қызу қолға алыныпты. Мамандардың айтуынша, жобаның іске қосылу мерзімі 2015 жылды қамтитын көрінеді. Сонымен қатар, Жақсықылыш кентіндегі жеке кәсіпкер С.Үмбетовтің «Наубайхана салу» жобасы өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданыпты. Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимовтың деректеріне сүйенсек, аталмыш жобалар инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.