АРАЛДЫҚ ЖАС КӘСІПКЕР ҚАЙЫҚ ШЫҒАРУДЫ ЖӨНГЕ ҚОЙДЫ
Қызылорда облысында алғашқы шыныпластиктен ескекті қайық шығаратын кәсіпкорынды Аралдық жас кәсіпкер Жансерік Нысанбаев іске қосып, өндірісті жөнге қойды. Осыдан екі жыл бұрын Жансерік Нысанбаев «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін пайдалана отырып, корпусты қатқыл жиһаз шығаратын цех ашқан болатын, ал бүгінде бизнесін кеңейтіп қана қоймай, оны әртараптандыруға мүмкіндік алды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 13,5 млн.теңге несие рәмідеген жас кәсіпкер «Даму» Қорының 44% кепілдендіруімен жүзеге асқан жобасы аясында 7 жаңа жұмыс орнын ашып, тапсырыспен жиһаз жасау ісін мықтап қолға алды.
Бүгінде жиһаз цехы ауылдық аймаққа қажетті барлық түрдегі жиһазды шығарады: шкафтар, ас үй гарнитурасы, ауызғы бөлменің жиһазы мен сөрелер, стеллаждар жасалуда. Кәсіпкердің сөзінше, шыныпластиктен қайық жасау идеясы бірден туындай қойған жоқ. Ең бастысы Арал ауданындағы халықтың негізгі қызметі балық шаруашылығы болғандықтан, қайыққа деген сұраныс үнемі жоғары деңгейде. Нарықты жете тексеріп, өзінің маркетингтік зерттеуін жүргізген Жансерік Нысанбаев шыныпластиктен қайық жасау жобасын жүзеге асыру шешімін қабылдады. Осылайша, жас кәсіпкердің жұмысшылары енді қайық жасау ісін қолға алды. Айына цехта 3 қайық жасап шығарылуда.
- Жиһаз жасау саласында тәжірибем болғандықтан, мен шыныпластиктен қайық жасау туралы ғаламтордан алған мәліметтерді тез ұғындым. Белгілі болғандай, әдісін тапсаң, сапалы қайықты жасау аса қиын емес екен. Шыныпластиктен шыққан қайықтар өте жеңіл, бірақ мықты болып келеді. Олардың жарамдылық уақыты ағаш пен металлдан жасалған қайықпен салыстырғанда әлдеқайда көп мерзім пайдалануға жарайды- дейді кәсіпкер Жансерік Нысанбаев.
Өндірісті кеңейтудің нәтижесінде кәсіпкер қосымша 3 жаңа жұмыс орнын ашып, қарамағындағы жұмысшылар санын 10-ға жеткізді. Компания тек жоғары сапалы өнім шығаруға бағытталған, сондықтан да жасалу кезінде әрбір тетігіне аса мән беріледі. Жансерік Нысанбаевтың айтуынша, мықтылығы мен сапалылығы ескеріліп, қайықтың бағасы қолжетімді деңгейге сәйкестендірілген.
- Қайық жасау бизнесін зерттеу кезінде менің түсінгенім, импорттық өнімдерге қойылатын жоғары баға ең бірінші олардың жеткізілуіне кететін шығындардың әсерінен болуда деп есептеймін. Біздің тарапымыздан тасымалдау шығындарының жоқтығын ескерсек, өз тауарымызға тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратындай өте тиімді баға ұсына аламыз, - деп өз ойымен бөлісуде Жансерік Нысанбаев.
Қайықты жасауға қажетті шикізатты кәсіпкер Испаниядан тапсырыспен алдырады. Оның сөзінше испандық шыныпластик өте сапалы, әрі мықты. Бүгінде Жансерік Нысанбаев кәсіпорнына қосымша қаржы тарту мақсатында «Даму» Қорының кепілдігімен ЕДБ несие алу үшін құжаттар жиынын дайындау үстінде. Несие қаражатының көмегімен ол моторлы қайық шығаруды және өнідіріс көлемін арттыруды қолға алмақшы.