АУДАН ӘКІМІ ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Жыл сайын атап өтілетін қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне орай, Арал ауданының әкімі М.Оразбаев өңірдегі қаржы саласына өзіндік үлестерін қосып келе жатқан бірқатар мамандарды салтанатты түрде марапаттап, қаржыгерлерді арнайы құттықтады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты жиынға әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдері мен қазынашылық басқармасының қызметкерлері, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы мен банк қызметкерлері қатысты.
Жиында сөз алған аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы қаржыгерлердің еселі еңбектері мен біліктерінің арқасында өңір экономикасы қарқынды дамып келе жатқандығын
атап өтті.
Мереке қарсаңында, осылайша, маңыздылығы зор мамандық иелері аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.