АРАЛ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
Арал ауданы бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейінгі мәліметке сүйенсек 3370 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік нысандары 15 пайызға артқандығын көрсетті.
Сонымен қатар, «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы Арал ауданынан ұсынылған 6 жоба мақұлданды. Өңірлік үйлестіру кеңесіне ұсынылған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жол бойы сервис кешенін салу, ет өнімдерін өндіру, құс фабрикасын, көкөніс қоймасын, сүт шығару фирмасын салу және Қамбаш көлінің жағасында коттедж қалашығының бірінші кезеңін ұйымдастыру жобалары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
Алдағы уақытта индустриялық картаға ұсыну үшін келесі 3 жобаны іске асыру көзделуде. Олар: күйдірілген кірпіш өндірісі, қалған екі жоба халықаралық көлік дәлізі бойына жол бойы сервис кешенін салу. Қазіргі күні жоғарыда аталған 3 жобаны іске асыру үшін құжаттары дайындалуда.
Фариза ОМАРОВА