ЕЛЕУ КӨШЕРБАЕВ АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
Арал ауданына қарасты Шижаға елді мекенінде мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев атындағы мұражай ашылды, деп хабарлайды Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға қайраткердің ұлы – Айтбай Елеуұлы, Арал ауданы әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішева мен Е.Көшербаевтың көзін көрген бір топ ақсақал қатысты. Мұражайдың ашылу рәсімінде Арал ауданының құрметті азаматы Шәкірат Дәрмағанбетов Елеу атамыз туралы жылы лебізін білдіріп, оның ұлттық құндылықтарды, елге танымал бабалар есімін ардақтаудағы игі істері туралы айтып берді.
Айта кетейік, мұражайда қайраткердің өмірі мен еңбек жолына арналған 13 экспозиция бар. Онда Е.Көшербаевтың өмірімен, еңбектерімен және марапаттарымен толығырақ танысуға болады. Сонымен қатар, мұнда қоғам қайраткерінің өмірінен сыр шертетін фотосуреттер де қойылған. Ал мұражайдың кіреберісіне Елеу Көшербаевтың бюст үлгісіндегі ескерткіші орнатылды.
Еске сала кетейік, Елеу Көшербаев – төрткүл әлемге танымал Қорқыт ата кешенін тұрғызуға ұйытқы болған тұлға. Қайраткердің Қармақшы, Қазалы аудандарының өмірінен сыр шертетін «Өндіріс ұйытқысы» және «Серпін» атты кітаптары бар.