БАҒДАРЛАМА ТИІМДІЛІГІН КӨРУДЕ
Қазіргі күні қазақстандық шаруалар «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» секілді бағдарламалар игілігін сезінуде. Олардың қатарында аралдықтар да бар. Тарқатып айтсақ, Арал ауданындағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 44762 бас мүйізді ірі қара, 101944 бас қой-ешкі, 25336 бас жылқы және 22576 бас түйе бағылып, күтілуде екен. Салыстырмалы түрде тоқталсақ, өткен жылдың осы мерзімінде сиыр 954 басқа, жылқы 2545 басқа, түйе 1098 басқа көбейген.
Жалпы, аталған үш бағдарлама аясында жұмыс жүйелі жүруде. Мұнан бөлек, Жаңақұрылыс, Бөген, Сазды, Октябрь, Атанши ауылдық округтерінде де несие алуға құжат дайындаған тұрғындар баршылық. Алайда, олардың талап-өтініштері әлі пысықталу үстінде, делінген Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінде.