АҚТӨБЕЛІКТЕР АРАЛДА
Кеше Ақтөбе облысының делегациясы Арал ауданына арнайы ат басын бұрды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысында өтетін жәрмеңкеге жол тартқан ақтөбелік ағайынды аудан басшысы А.Мұхимов қарсы алды.
Іргелес жатқан елден келген қадірлі қонақтар аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, өңірдің тыныс-тіршілігімен етене танысты.Бұған қоса, аудан әкімі қонақтарды Қамбаш көлінің жағасында орналасқан «Қамбаш балаларды сауықтару және қосымша білім беру орталығымен» де таныстырды.
Осылайша, аудандағы ілкімді істерге қаныққан Ақтөбе облысындағы аудан әкімдері ізгі лебіздерін білдіріп, жолға қайта шықты.