ҒИМАРАТ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде 2010 жылдың мамыр айынан өз жұмысын бастаған «Жәния» жеке балабақшасы күні кеше жаңа нысанға көшті.
Балабақша нысанының ашылу салтанатына аудан әкімі А.Мұхимов қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Балабақша құрылтайшысы – жеке кәсіпкер Келесова Алтынгүлдің айтуынша жаңа нысан 75 бала қабылдауға лайықталып салынған. Айта кету керек, балалар бақшасы соңғы үлгідегі талаптарға сай етіп тұрғызылып, арнайы бейне бақылау құрылғыларымен жасақталған. Жап-жаңа ғимаратта жас айырмашылығы бар 3 топта жиырма баладан тәрбиеленуде.