АРАЛДЫҚТАР ҚАЛА КҮНІН ТОЙЛАДЫ
Ғасыр жасаған қаланың мерекесі «Тағзым» алаңына және «Т.Медетбаев бюстіне» гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Ардагерлер мен қадірлі қонақтардың, аудан жұртшылығының қатысуымен өткен шарада Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов сөз алып, қала күнін ашып берді.
Қала күнін мерекелеу одан әрі аудан орталығындағы ілкімді істерді таныстыру шараларына жалғасты. Айта кету керек, шырайлы қаламыздың мерекесіне арнайы келген Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов та аталған жағымды жаңалықтарға куә болды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткен Қала мерекесінде арнайы «Шұбат фестивалі» де ұйымдастырылды. Айбынды Арал қаласы күніне орай орталық алаңда қолөнер бұйымдарының да көрмесі ұйымдастырылған болатын.
Атаулы күні «Үлгілі көше», «Таза үй», «Әсем безендірілген ғимарат» байқауының жеңімпаздары анықталды.
Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінде «Жайнай бер, жаса – Аралым!» атты эстрада жұлдызы Саят Медеуовтің ән кеші өтті.