ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Арал аудандық соты аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын рәсімдеуде ҚР әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлымен өткізілген шараға аудандық ішкі істер бөлімінің басшы құрамының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесте аудандық соттың судьясы Д.Мұратбекұлы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі принциптерін мүлтіксіз сақтау жөнінде айта келе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің дұрыс қаралуы, құқық бұзушылық туралы хаттаманың сапалы толтырылуын қажет ететіндігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, жекелеген істер бойынша хаттамалардың тиісті түрде толтырылмайтын және дұрыс ресімделмейтін фактілері жиі кездескен.
Сондай-ақ, судья ескі кодексте дұрыс толтырылмаған құжаттарды қайта рәсімделуі үшін қайтару тәртібі көзделген болса, қолданыстағы әкімшілік кодексте ондай заң нормасы белгіленбегенін, сол себепті әкімшілік істердің заңға сәйкес ресімделуіне және сотқа уақытылы жолдануына аса назар аудару керектігін баса айтты.
Семинар-кеңеске қатысушылар құқық бұзушылық дәлелдемелерінің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру сапасын көтеруге қатысты өзекті сұрақтарды талқылап, өз кезегінде осы шараның өзектілігін, сондай-ақ осы кездесу әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңын қолдануда туындайтын көптеген мәселелерді шешуге оң ықпал бергенін атап өтті.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі