ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Арал ауданының әкімі А.Мұхимов азаматтардың жеке мәселесі бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, аудандық тиісті бөлім басшылары қатысты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкім қабылдауына келген 32 аудан тұрғыны өзектілігін жоймайтын жұмыс мәселесімен, тұрғын үй, жер және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.
Аудан басшысы келіп түскен сұрақтардың барлығына нақты да толық жауаптар қайтарып, көрсетілген мәселелер туралы заң аясында шешілетінін атап, кейбір сауалдар бойынша қала, кент әкімдеріне, әкім аппаратының тиісті бөлім қызметкерлеріне жақын арада аталған мәселелерді шешу үшін қосымша тапсырмалар жүктеді.