КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, әкімдік жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультатциялық-кеңесші органның кезекті комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың жүргізуімен өткен комиссия отырысында: түзеу мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеп жүрген адамдарға еңбекке, тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және өзге де көмектің басқа түрлерін ұйымдастыруға жәрдем көрсету. Ішкі істер бөлімі тарапынан қадағалауды күшейту, салауатты өмірге бейімдеу барысы сынды мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер негізінде жауапты комиссия мүшелері баяндама жасап, бірқатар іс-шаралар белгіленді. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер негізінде жауапты комиссия мүшелері баяндама жасап, бірқатар іс-шаралар белгіленді. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.