МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Арал ауданында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бүгінгі таңда өз нәтижесін беріп келеді. Нақтырақ тоқталсақ, үстіміздегі жылы осынау бағдарламаға негізделіп, қомақты қаржы қаралып, оның 48348,2 млн. теңгесі толыққанды игерілген.
Атап айтсақ, «екі қолға бір күрек» табу мақсатында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласқандар саны 2472 адамға жетті. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға бағытталған қомақты қаржы кейбір күрделі жөндеуді қажет ететін білім ұяларына жұм¬салып отыр.
«Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 19,692 млн. теңге қаралып, өтінім берген 36 мекемемен келісім-шарт жасалды. Ал, жастар тәжірибесін қаржыландыру аясында да 78 мекеме мен кәсіпорын мамандықтарына сәйкес 148 жасқа жолдама берді. Мұнан бөлек, аудан бойынша бірақатар жаңа жұмыс орындарын ашу жосапарланып, игі бастама 109,5 пайызға орындалды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалған жоқ. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес 30 адам тұрақты, 32 адам қоғамдық жұмысқа тартылды», - дейді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Жалғасбаев