МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Арал қаласындағы №62 мектеп-лицейі жаңа оқу жылын жаңа кейіпте бастап отыр. Отыз жыл жөндеу көрмеген мектеп «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңғыртылды. 1200-ге жуық аралдық өрен білім алатын оқу ордасына күрделі жөндеу жүргізу барысында 50-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.
Білім беру нысанының сыртқы келбеті, кіре берісі, дәлізі, сыныптары, шатыры толық жаңғыртылды. Дене шынықтыру залы мен асхана жабдықтары алынып, бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту мүмкіндігі туған. Мектеп жанындағы шағын орталық та жөндеуден өткен.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының І бағыты бойынша 120 млн республикалық, 13 жергілікті бюджеттен қаржыландырылды. Қосымша 218 млн қаржы қарастырылуда. Оған 30 жоба іске асырылады деп кутілуде, - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Жалғасбаев.