АРАЛДАН ТӨРТ ҒАСЫР САҚТАЛҒАН САУЫТ ТАБЫЛДЫ
Арал ауданындағы елді мекендердің бірінен XVI ғасырдың соңғы ширегінде ғұмыр кешкен Айдарбек батыр Өрісұлының ақ сауыты табылды, - деп жазады "Егемен Қазақстан" газетінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толыбай Абылаев.
Төрт ғасырдан астам уақыт бойы атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа асылдың көзіндей сақталып келген батыр баба сауыты қазір Арал қаласындағы ұрпақтарының бірі, зейнеткер Жеткерген Нұрғабыловтың қолында сақтаулы екен. Ол кісінің айтуынша, таза болаттан жасалған тор көзді бұл сауыттың салмағы 10 кило. Бұрын үлкен болған екен. Уақыт тезіне шыдамай етек тұсы қиылып, ептеп бүлінсе де міні құрымай бүгінге жеткен сауыттың ел тарихының бір бөлшегі екені ақиқат.
Алдағы уақытта батыр баба сауыты жергілікті мұражайларға сақтауға тапсырылатын болады. Сөйтіп, өткен ғасырлардан жеткен баға жетпес мұра көпшілік көзайымына айналмақ.