АРАЛДА АУДАНДЫҚ МҮШӘЙРА ӨТТІ
Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай, аудандық мәдениет орталығында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жазба жас ақындар арасында «Ана тілің – арың бұл» атты аудандық мүшәйра болып өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен мүшәйрада ауданымыздың мектептерінен 19 үміткер бағын сынады. Мүшәйраның нәтижесінде І орынды №71 мектептің оқушысы Ақкенже Амангелдиева иемденсе, ІІ орындарды №19 мектептің оқушысы Көркем Жұмаханова мен №64 мектептің оқушысы Ақнұр Біләлова еншіледі. Ал, ІІІ орындарға №83 мектептің оқушысы Шұғыла Ақылжанова, №231 мектептің оқушысы Кенжегүл Қуандық және №13 мектептің оқушысы Ұлболсын Байжанова лайық деп танылды. Барлық мүшәйраға қатысушылар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталып, жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.