АРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРГЕ АУЫЗ СУ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Арал қаласындағы Бегім Ана, Қарамолда, Т.Таңатов, Ж.Кенжебаев, Қ.Қартайұлы, Жанқожа батыр көшелеріне және Қ.Қаратайұлы тұйығына су желісін жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 21 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс өткізілген болатын.
Конкурс бойынша 10 жылға жуық тәжрибесі бар «Бәйтерек-групп XIXI» мекемесі жеңімпаз болып танылды.
Қазіргі таңда ауыз су жүргізу жұмыстары Жанқожа батыр көшесінен бастау алды. Аталмыш мекеме мердігері Б.Бекжановтың айтуынша бүгінгі таңда су желісін жүргізуге барлық қажетті құрылғылар жеткізілген. Жұмысшы топ су желісін мерзімде, яғни, қазан айының 15-де аяқтайтын болады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.