«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесіне орай салтанатты кеш өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атаулы күнге орай аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішева көпшілікті мерекемен құттықтап, бірқатар сала мамандарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты кеште аудан өнерпаздары көрермен қауымға жырдан шашу шашып, төгілте күй тартып, мың бұрала би биледі. Ауданның патриот ұл-қыздары еліміздің белгілі ақындарының жыр шумақтарын ортаға салып, дарынды Ақкенже Аманкелдиева жеке шығармашылығынан «Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілі» атты арнауын тарту етті.